Биыл елдегі малдың 0,08 пайызы ғана сақтандырылған

226

Биыл қанша гектар егіс алқабы сантандырылды?

Биыл елдегі малдың 0,08 пайызы ғана сақтандырылған Фото: canva.com

2024 жылы қазақстандықтар 28,5 мың малды сақтандырған. Бұл елдегі малдың 0,08 пайызы ғана. Ұлттық статистика бюросының соңғы мәліметі бойынша елде 33,6 млн мал тіркелген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– 2022 жылы мемлекет тарапынан сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау көлемі 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылды. Бүгінгі таңда, агроөнеркәсіптік кешенде сақтандыру саласында оператор "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ болып есептеледі. Сондай-ақ, "Freedom Finance Insurance" СК" АҚ, "Аманат сақтандыру компаниясы" АҚ, "Nomad Insurance" сақтандыру компаниясы" АҚ және Виктория" сақтандыру компаниясы" АҚ секілді сақтандыру компаниялары сақтандырушы ретінде қызмет көрсетеді. Жалпы, өсімдік және мал шаруашылығы бағыттарында 16 сақтандыру өнімі бар, – деп жазылған жауапта.

Ведомство дерегінше, өсімдік шаруашылығында күздік дақылдар мен дәнді-бұршақты, майлы дақылдарды ылғалдылығы тапшылығы мен шамадан тыс артық болуынан сақтандыру, көп жылдық алма ағаштарын және алма өнімдерін сақтандыру қызметтері жолға қойылған. Ал мал шаруашылығында ірі қара, ұсақ мал, жылқы, құс және шошқаны сақтандыру өнімдері бар.

– 2024 жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің 564 мың гектар егіс алаңы сақтандырылды. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 285 мың гектарға немесе екі есе көп. Былтыр сақтандыруға 241 өтінім қабылданса, биыл 463 өтінім қабылданған. Осылайша, өтінім саны 2023 жылдың көрсеткішінен 92,1% көбейген. Сонымен қатар, биыл 21 659 ірі қара, 3 157 ұсақ мал, 3 739 жылқы, 14 687 шошқа және 4 млн 579 мың құс сақтандырылған, – деп жазады министрліктегілер.

Министрлік мәліметіне қарағанда биылғы тасқында қырылған малдың ешбірі сақтандырылмаған.

– "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ның ақпаратына сәйкес, биыл болған су тасқыны кезінде құлаған малдардын сақтандырылмауы себепті, сақтандыру компаниялары тарапынан сақтандыру төлемдері жасалмаған, – делінген жауапта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу