Биыл электр станцияларында 10 энергоблок жөнделеді – Сәтқалиев

181

Бұдан басқа 55 қазандық пен 45 турбинаны жөндеуден өтеді деп жоспарланып отыр.

Биыл электр станцияларында 10 энергоблок жөнделеді – Сәтқалиев Фото: petrocouncil.kz

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында алдағы жылыту маусымына дайындық барысы туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Алдағы жылыту маусымына дайындық шеңберінде Жүйелік оператор бекіткен графикке сәйкес осы жылы электр станцияларында 10 энергоблокты, 55 қазандықты және 45 турбинаны жөндеу жоспарланған. 2 энергоблокта, 12 қазандықта және 2 турбинадағы жөндеу жұмыстары әртүрлі кезеңдерде. 1 энергоблокта, 1 қазандықта және 4 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды. Электр желілері бойынша жалпы ұзындығы 20,9 мың км электр беру желілерін, сондай-ақ жоғары вольтты 423 кіші станцияны жөндеу жоспарланған", - деді министр.

Сөзінше, электр желілерін жөндеу бекітілген графиктерге сәйкес жүргізіліп жатыр.

"Берілген өтінімдерге сәйкес Үкімет резервінен энергия көздерін дайындауға алдын ала 17 млрд теңге бөлінді. Қалған өтінімдер бойынша жұмыс жақын арада аяқталады", - деп атап өтті Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу