Биыл еліміз бойынша 3 адам кенеден жұққан аурудан көз жұмған

1023

Жалпы, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қатысты 14 жағдай тіркелген. 

Биыл еліміз бойынша 3 адам кенеден жұққан аурудан көз жұмған

Биыл елімізде 3 адам Конго-Қырым геморрагиялық қызбасынан, яғни кенеден жұққан аурудан қайтыс болған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінде вице-министр Алексей Цойдың төрағалығымен өткен республикалық штабтың кезекті отырысында айтылды, деп хабарлайды қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің баспасөз қызметі.

2018 жылдың басынан бері республиканың эндемиялық өңірлерінде 14 жағдай тіркелді: Жамбыл облысында – 7 жағдай, Түркістан облысында– 4 жағдай, Қызылорда облысында – 3 жағдай. Оның ішінде осы өңірлердің әрқайсысында өліммен аяқталған 1 жағдайдан тіркелген. Сарапшылардың айтуынша, өлім жағдайлары пациенттердің дәрігерге уақтылы жүгінбеуі себебінен болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу