Биыл елімізде 1,5 мың жалған банкнот тәркіленген

1275

Биыл елімізде 1,5 мың жалған банкнот тәркіленген

Айналымда жалған ақша көбеюде. Оны жасаумен айналысып, пайда тапқандарға қарсы күресті күшейту керек. Бұл туралы сенат депутаты Владимир Волков айтты, деп хабарлайды Atameken Business.

Оның айтуынша, биылғы жыл басынан бері елімізде 1,5 мың жалған банкнот тәркіленген. Ал олардың жалпы сомасы 7 млн 900 мың теңгеге жеткен. Сондай-ақ, 10 млн теңгені құрайтын жалған шетел валюталары айналымнан шығарылған. Алаяқтар көбіне он мың және екі мың теңгелік ұлттық валюталарды көшіріп жасайды екен.

 "Көбіне мұндай банкноттар базарлар мен дүкендерде айналымда жүр. Оларды шын ақшадан ажырату өте қиын. Барлық кескінін ұқсатып жасайды. Ал халықтың жалған ақшаны анықтай білетін сауаты өте төмен. Осы тұста жасанды ақшаны айналымға шығарушылармен күресті кұшейту керек деп ойлаймын", - дейді Владимир  Волков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу