Биыл елімізде 100 мың азамат әскери тіркеуге алынады

879

Биыл елімізде 100 мың азамат әскери тіркеуге алынады

2017 Қазақстан азаматтарын әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу жұмыстары жүргізілуде Қазақстанда әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Аталған тіркеу жұмыстары азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын, мамандығы бойынша алған білімі мен дене дайындығы деңгейін анықтау мақсатында жыл сайын 1 қаңтардан бастап 1 сәуірге дейінгі аралықта өтеді.

Биыл елімізде жалпы саны 100 000 қазақстандық әскери есепке тіркелуге жатады. Күнде тұрғылықты жері бойынша медициналық куәландырудан өту үшін және әскерге жарамдылық деңгейін анықтау үшін жергілікті әскери басқару органдарына жалпы білім беру орындары мен арнаулы орта білім беретін оқу орындарының оқушылары келеді. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі жергілікті басқару органдары бекіткен кестеге сәйкес күніне 100-ден аса адамды қабылдайды.

"Әскери қызмет пен әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негізінде Қазақстанда биыл 17 жасқа толған азамат әскерге шақыру учаскесіне тіркелуі тиіс.

 Ауыр науқасқа шалдыққандар, өз бетінше қимылдау мүмкіндігінен айырылғандар тиісті емдеу-сауықтыру мекемелерінен немесе дәрігерлік сараптама комиссиясының анықтамасын әкелген жағдайда әскерге шақыру учаскелеріне тіркелмейді.

 Азаматтардың еңбекке жарамдылығын жоғалтуға байланысты сырқаттанып қалғанда (жарақат алғанда), жақын туысының өлімі немесе қатты сырқаттануына, апат жағдайындағы кедергілер мен басқа да себептерге байланысты әскерге шақыру учаскелеріне шақырған уақытында келмеуіне дәлелді себеп бола алады. Сонымен қатар бұл себептердің бәрі тиісті құжаттар арқылы нақтылануға тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу