Биыл елімізде 109,2 миллион тонна көмір өндірілді

832

Қанат Бозымбаев пен Жеңіс Қасымбек жылыту маусымының өту барысы туралы баяндады.

Биыл елімізде 109,2 миллион тонна көмір өндірілді

Бүгін үкімет отырысы жылыту маусымындағы мәселелерді қараудан басталды. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев пен инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек елімізде жылыту маусымы қалай өтіп жатқандығы туралы баяндады, деп хабарлайды primeminister.kz.

Қанат Бозымбаевтың айтуынша, жалпы күзгі-қысқы кезең штаттық режимде өтіп жатыр. Кеше, 24 желтоқсанда ең жоғарғы электр жүктемесі 14 740 мегаватқа немесе жылыту кезеңіне жоспарланған максимумның 99% пайызына жетті. Бұл – соңғы жылдардағы рекордтық көрсеткіш. Жалпы, халық электр және жылу энергиясымен толықтай қамтылған.

Энергетика министрінің сөзіне қарағанда, бір жылға жоспарланған электр станцияларындағы жөндеу жұмыстары іс жүзінде аяқталған. 8 энергоблок, 52 қазандық пен 44 турбина, 28,3 мың шақырым электр беру желілері және орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағындағы 500 қазандық жөндеуден өткен.

"Электр станцияларының отын қоймаларында 4 млн тонна көмір және 112 мың тонна мазут жинақталды, бұл бекітілген нормаға сәйкес келеді. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағындағы қазандықтарда көмір қоры 978,8 мың тоннаны, мазут 115,2 мың тоннаны құрап отыр", – деді Қанат Бозымбаев.

Ал ИДМ басшысы Жеңіс Қасымбек жылыту маусымы еліміздің барлық өңірлерінде тұрақұты режимде өтіп жатқанын банядады.

"Жылыту маусымы басталағаннан бері тіршілікті қамтамасыз етудің коммуналдық жүйелерінде 24 технологиялық бұзушылық анықталды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есе кем. Әкімдіктер аталған технологиялық бұзушылықтарды қысқа уақыт ішінде жойды", – деді министр.

Көмірмен қамтамасыз етуге қатысты айтар болсақ, ҚР ИДМ шұғыл деректеріне сәйкес, 20 желтоқсандағы жағдай бойынша, биыл жыл басынан бері еліміздің көмір өндіруші компаниялары 109,2 млн тонна көмір өндірген. Энергия өндіруші кәсіпорындарға 56,4 млн тонна көмір жөнелтілді. Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 12,4 млн тонна көмір жөнелтілді. 27,7 млн тонна көмір экспортталды. 2018 жылдың соңына дейін көмір өндіру көлемі шамамен 112 млн тонна болады деп күтілуде. Биыл жылыту маусымы басталғаннан бері (1 мамырдан 20 желтоқсан аралығында) теміржол көлігімен 46,8 млн тонна көмір тасымалданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу