Биыл елімізде 1090 орындық алты жатақхана пайдалануға берілді

408

Колледж студенттерінің 85% жатақханамен  қамтамасыз етілді.  

Биыл елімізде 1090 орындық алты жатақхана пайдалануға берілді Фото: Almaty.tv

Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің мәліметінше, бүгінде 54 мыңнан астам колледж студенті жатақханада орынмен қамтамасыз етілген. Бұл студенттердің жатақханаға жалпы қажеттілігінің 85 пайызын құрайды.

Осы жылдың соңына дейін Шымкент қаласы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Түркістан және Қызылорда облыстарында 1269 орындық тағы алты жатақхана ашу жоспарлануда. Бұл шаралардың барлығы техникалық және кәсіптік білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға және колледж студенттерінің тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде 772 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы бар, онда 517 мың студент білім алуда. Колледж студенттерін ынталандыру мақсатында 2023 жылдың қыркүйегінен бастап стипендияны кезең-кезеңімен өсіру қарастырылған: 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 50%-ға арттырылды, 2024 жылы 100%-ға жеткізіледі. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттер әлеуметтік қолдаумен, оның ішінде стипендиямен, тамақтанумен және жолақымен қамтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу