Биыл елімізде 11 қосымша білім беру орталығы ашылады

295

Өткен жылы ғана елімізде 9 қосымша білім беру орталығы ашылды. 

Биыл елімізде 11 қосымша білім беру орталығы ашылады Фото: canva.com

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл Алматы қаласында, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда және Павлодар облыстарында 11 жаңа қосымша білім беру орталығын ашу жоспарлануда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл ұйымдардың ашылуы оқушыларға қосымша білім беруге және олардың таланттары мен қарым-қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

"Министрлік балаларды қосымша біліммен қамтуды арттыру бойынша кешенді жұмыс жүргізуде. Өткен жылы ғана елімізде 9 қосымша білім беру орталығы ашылды. Биыл олардың саны тағы 11-ге артады. Жалпы 2027 жылға дейін 100 қосымша білім беру орталығын іске қосу жоспарда бар", - деп атап өтті Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова.

Айта кетейік, биыл балаларды қосымша біліммен қамтуды 85%-ға дейін арттыру жоспарлануда. Елімізде барлығы 1625 мектептен тыс ұйым жұмыс істейді және әртүрлі бағыттар бойынша үйірмелердің 380 түрі ұсынылады. Оның ішінде ғылыми-техникалық, музыкалық, көркемдік-эстетикалық, экологиялық-биологиялық, туристік-өлкетану, әскери-патриоттық, әлеуметтік-педагогикалық және басқа да үйірмелер бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу