Биыл елімізде 120 млн тонна көмір өндіру жоспарланған

1186

Ішкі нарыққа 82 млн тонна, экспортқа 38 млн тонна көмір жеткізіледі. 

Биыл елімізде 120 млн тонна көмір өндіру жоспарланған

Қазақстанда 2020 жылы 120 млн тонна көмір өндіру жоспарланған,  деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі. Осылайша елдің ішкі нарығына 82 млн тонна, экспортқа 38 млн тонна көмір жеткізілмек. 

Ал биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында отардық компаниялар 18,3 млн тонна көмір өндірді. Энергия өндіруші кәсіпорындарға 10,4 млн тонна, өнеркәсіптік кәсіпорындарға 936,8 мың тонна көмір жеткізілді. Ал, коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен халыққа 1,4 млн тонна көмір жөнелтілді. Сонымен қатар экспортқа 4,6 млн тонна "қатты отын" жіберілді.

"Көмір энергетикалық және өнеркәсіптік кәсіпорындарға тікелей шарт бойынша көмір разрездерінің бағасымен жіберіледі. Коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар және халық үшін көмірдің негізгі көлемі тауар биржалары арқылы сатылады. Коммуналдық-тұрмыстық қажеттілік және халық үшін көмір бағасы көмір разрезінің жөнелту бағасынан, тасымалдауға кеткен темір жол тарифтерінен, жылжымалы құрамды күтіп-ұстау, көмірдің биржалық құнынан, сондай-ақ халыққа жеткізетін делдалдық ұйымдардың және жеке тұлғалардың маржасынан қалыптасады", –деп жазылған хабарламада. 

Жалпы елімізде көмір өнеркәсібін дамыту мақсатында өткен жылы "Қазақстан Республикасының көмір саласын дамыту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасы" бекітілді. Сондай-ақ "2019-2020 жылдарға арналған коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен халыққа арналған көмір өнімдеріне қажеттілік жоспары" жасалды. 2020 жылғы 20 наурыздағы жағдай бойынша жылдық жоспарға (2019 жылғы 1 мамырдан бастап 2020 жылғы сәуірге дейін) сәйкес көмір қорымен қамтамасыз ету көрсеткіші 99,7%-ды құрайды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу