Биыл елімізде 2,8 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілді

901

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында өнеркәсіп, көлік және құрылыс салаларындағы ағымдағы жағдайды баяндады.  

Биыл елімізде 2,8 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілді

2022 жылдың 1 тоқсанының қорытындысында еліміздің өңдеу өнеркәсібінде жиынтық көрсеткіш 106,5%-ды құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Машина жасау саласында автокөлік құралдарын, трейлерлер мен жартылай тіркемелерді (+14,8%), машиналар мен жабдықтарды (+3,4%) шығару, өзге көлік құралдарын (+13,3%), компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар (+18,3%), сондай-ақ электр жабдықтарын (+1,8%) шығару есебінен 11,3% деңгейінде тұрақты өсім көрсетті.
Түсті металлургияда тазартылған мыс (+10%), құйма алтын (+7%), катодты мыс (+4%), тазартылған алтын (+33%) шығару көлемі өсті. Қара металлургияда болат (+7%), шойын (+6%), арматуралық прокат (+24%), рельстер (+32%), фасонды прокат (+55%), ферросилиций (+2,7%) және болат құбырлар (2,6 есе) өндірісі ұлғайды", – деді министр. 

Құрылыс материалдары өндірісі 12,4%-ға артты. Өсім жылу оқшаулағыш материалдар (1,5 есе), бетоннан жасалған бұйымдар (+15,4%), тауар бетон (+22,8%), кірпіш (+17,8%) және құрылыс ерітінділері (+10,7%) өндірісінің артуы есебінен болып отыр.

Химия өнеркәсібі өндірісінің көлемі 7,8%-ға өсті. Сары фосфор (+49%), фосфор-калий тыңайтқыштары (+43%), азықтық трикальцийфосфат (+73%), аммиак селитрасы (+10), сұйық аммиак (+13%), азот қышқылы (+8), ерітіндідегі күйдіргіш натрий (+28%) және хлор (+41) өндірісінің көлемі ұлғайды.

Жеңіл өнеркәсіпте тоқыма бұйымдарын (+6,6%), киім (+13%) және былғары өнімдерін (+28,8%) өндіру көлемінің ұлғаюы есебінен 10,6%-ға өсті.

Көлік саласында транзиттік контейнерлік тасымалдарда оң динамика сақталып, өсім 7%-ды құрады. Көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау көлемі 849,2 млн тонна болды.

2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында құрылыс бойынша нақты көлем индексі 108,6%-ды құрады.

"Тұрғын үй құрылысында биыл 1-тоқсанда 2,8 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,4%-ды құрайды. Бүгінгі таңда республика бойынша барлығы 23,3 мың үй пайдалануға берілді. 15 өңірде өсім бар. Көш басында Павлодар, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстары тұр. Биыл 15,1 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған", – деді ҚР ИИДМ басшысы Үкімет отырысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу