Биыл елімізде 4 сайлау науқаны өтеді

1016

Биыл елімізде 4 сайлау науқаны өтеді

Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының ашық отырысында комиссия төрағасы Берік Имашев мәлімдеді.  

"Биыл біз 4 сайлау науқанын ұйымдастырып, өткізуіміз қажет. Оның бірі қазіргі уақытта басталып, шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына кандидаттарды ұсыну 58 сайлау учаскесінде өтуде. Сайлау 26 мамырда өтеді. 2017 жылдың 30 маусымынан кешіктірілмей 2011 жылдың 19 тамызында сайланған Сенат депутаттарының орнына кезекті сайлау өткізілуі тиіс", - деді Б. Имашев.

Оның айтуынша, мұнан бөлек, ауыл округтерінің құрамына кірмейтін Қазақстан Республикасының аудандық маңыздағы қалаларының, ауылдық округтерінің, елді мекендері мен ауылдарының әкімдерін кезекті сайлау өтеді.

"Сайлау жылын шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлау өткізу науқаны түйіндейді. Ол 29 қазанда өтеді", - деді ОСК төрағасы.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу