Биыл елімізде 610 120 автокөлік тіркелді

1053

9 422 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 13 844 адам зардап шекті.

Биыл елімізде 610 120 автокөлік тіркелді

Қазақстанда 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 610 120 жеңіл автокөлік тіркелген, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,6%-ға артық, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3824,2 мың бірлікті құрады. 

Бұл ретте 10 жылдан асқан автомобильдер – 360 148 бірлік (2020 жылы – 341 187), 7 жылдан асқан автомобильдер – 77 417 (2020 жылы – 51 383), үш жылдан асқан автомобильдер – 64 903 бірлік (2020 жылы – 86 033), үш жылдан аспаған автомобильдер – 108 656 бірлікті (202 жылы – 83 149) құрады.

Аталған кезеңде 9 422 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 13 844 адам зардап шекті. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда апат саны 5,5%-ға ұлғайды.

Көлік құралдарының иелері сақтандыруға 27,2 млрд теңге сомасына 60 482 сақтандыру төлемін жүзеге асырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу