Биыл елімізде 6 млн адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынады

1064

Отандық "QazCovid-in" вакцинасы сәуір айынан бастап өндірілмек. 

Биыл елімізде 6 млн адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынады

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәллихатында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов осылай деп мәлімдеді, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі.

"Биыл жылдың 1 ақпанында Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салу басталды. Бірінші кезеңде ресейлік "Спутник V" екпесі сатып алынды. Кейін аз уақыттың ішінде Қарағанды фармацевтика кешені базасында "Спутник–V" вакцинасы өндіріле бастады. Отандық кешеннің вакциналары кестеге сәйкес жүргізілуде", - деді бірінші вице-министр. 

Марат Шорановтың айтуынша биыл сәуір айына отандық "QazCovid-in" вакцинасы өндірілмек. 

"2021 жылы 6 млн адамға екпе салуды жоспарлап отырмыз. Иммунопрофилактика үшін IT-технологилар мүмкіндігі кеңінен пайдаланылады", - деді спикер. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу