Биыл елімізде 820 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан

143

Бұл туралы ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты. 

Биыл елімізде 820 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан Фото: gov.kz

Биыл жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының кешенін іске асыру барысында жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ға дейін төмендеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, мелекеттің қолдауымен жыл басынан бері 820 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан.

– Ал жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 296 мыңға жуық адам қамтылды. Оның ішінде халықтың әлеуметтік осал санаттарына жататын 9 239 азамат жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 400 АЕК мөлшерінде грант алды. Оқыту және кәсіптік бағдарлау түріндегі халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларымен 478 мыңнан астам қазақстандық қамтылды, – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу