Биыл елімізде 99,2 мың көлік құрастырылды

489

Бұл – өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 24,9%-ға артық.  

Биыл елімізде 99,2 мың көлік құрастырылды Фото: kolesa.kz

Ресми мәліметке сүйенсек, өндірілген өнімнің жалпы құны 1,03 трлн теңгеге жеткен, деп жазады inbusiness.kz Қазақстандық автобизнес қауымдастығына сілтеме жасап.

Көлік құрастыру бойынша Қостанайдағы "СарыарқаАвтоПром" зауыты (60 мың автомобиль, +20%), Алматы Hyundai Trans Kazakhstan (33,2 мың автомобиль, +46,8%) және "СемАЗ" (2,1 мың дана коммерциялық техника) көш бастап тұр.

"Экспортты қоса алғанда, қазақстандық кәсіпорындар құрастырған ең танымал брендтердің бестігіне Chevrolet (34 360 дана), Hyundai (33 223), Kia (13 384), JAC (6400) және Lada (4877) кіреді. Ең танымал модельдер – Chevrolet Cobalt, Hyundai Tucson және Chevrolet Nexia", – деп жазылған қауымдастықтың ресми мәлімдемесінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу