Биыл елімізде әуе көлігімен 2,7 млн жолаушы тасымалданды

643

Жолаушылар таңдаған ең танымал бағыт – Алматы қаласы болды.

Биыл елімізде әуе көлігімен 2,7 млн жолаушы тасымалданды Фото: google.com

2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында әуе көлігімен тасымалданған жолаушылар саны 2 724 мың адамды құрады. Бұл көрсеткіш 2002 жылғы тиісті кезең көрсеткішінен 39,5%-ға артық, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Осылайша, жолаушылар айналымы 2022 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 1,7 есеге өсіп, 5 513,6 млн п-км құрады.

Айта кетейік, жолаушылар таңдаған ең танымал бағыт – Алматы қаласы болды, онда І тоқсанда 893 мың жолаушы тасымалданған, одан кейін жолаушылар елордаға жиі ұшқан – 722 мың жолаушы, үшінші танымал бағыт Шымкент қаласы – 268 мың жолаушы.

Әуе көлігімен тасымалдаудан түскен кіріс бірінші тоқсанда 151 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге көбейді.

Осы ретте 2023 жылғы наурызбен салыстырғанда сәуір айында әуе сапарларының бағасы 17,7% - ға қымбаттаған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу