Биыл елімізде есірткіні жарнамалаған 3,2 мың сайт бұғатталды

796

Биыл елімізде есірткіні жарнамалаған 3,2 мың сайт бұғатталды

Елімізде синтетикалық есірткі айналымы тыйылмай тұр. Оны жөнелтетіндер тауарды пошта арқылы жіберіп, ақысын киви-әмиянмен қабылдайды. Сондықтан негізгі қылмыскерлерді құрықтау қиынға соғып отыр, деп хабарлайды 24.kz.

Соған қарамастан биыл 125 қылмыстық іс қозғалған. Бұл жөнінде бүгін мәжілістің жалпы отырысында ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді.

Оның айтуынша, есірткіні интернет арқылы жарнамалау белең алған. Мәселен, өткен жылы осындай 500-ден аса, ал биыл 3 мың 200 сайт бұғатталды. Енді осы бағыттағы күресті одан сайын күшейту үшін министр арнайы заң жобасын ұсынып отыр. Ол трансұлттық ұйымдасқан есірткі қылмысының жаңа қауіптеріне қарсы тұруды көздейді. Депуттар құжатты бірінші оқылымда мақұлдады.

"Ұлттық банк пен қаржы министрлігіне тиісті ұсыныс жасадық. Бүгінде төлемдер туралы заңнамаға сәйкес, 100 АЕК-ке, яғни 240 мың теңгеге дейінгі соманы аты-жөнін көрсетпей төлеуге болады. Бұл ретте біз қаржы аударымдарының қозғалысын көру үшін осындай тәртіпті алып тастауды ұсындық. Қазіргі кезде бұл мәселе қарастырылып жатыр", - дейді ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу