Үкімет бұл жобалар жүзеге асса, көлік қатынасы жеңілдеп, елдің логистикалық әлеуеті артатынына сенімді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жобаларды іске асыруға 9 триллион теңгеден аса инвестиция тартылып отыр. Қазіргі кезде инвесторлармен сөйлесу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен, Қазақстанда 2025 жылы көлік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында ірі жол құрылысы жобалары бастау алмақ.
Биыл іске асатын ірі жобалар тізімі:
Қызылорда – Жезқазған (208 шақырым),
Ақтөбе – Ұлғайсын (234 шақырым),
Қарағанды – Жезқазған (572 шақырым),
Сарыағаш айналма жолы (102 шақырым),
Қызылорда айналма жолы (20 шақырым),
Қызылорда – Сексеуіл (470 шақырым),
Атырау – Доссор (86 шақырым)
Рудный айналма жолы (16,9 шақырым),
Жаңаөзен – Кендірлі (156 шақырым),
Петропавл айналма жолы (8 шақырым),
Түркістан айналма жолы (29,6 шақырым),
Астана – Қостанай – Ресей шекарасы (830 шақырым),
Шымкент айналма жолы (48 шақырым),
Атырау – Орал (орташа жөндеу, 516 шақырым),
Атырау – Чапай (136 шақырым),
Алматы – Талғар – Бәйдібек би (68 шақырым),
Алматы – Үшқоңыр (48 шақырым),
Бейнеу – Сексеуіл (736 шақырым),
Жайық өзені арқылы көпір (6,5 шақырым).
Сондай-ақ, биыл 225 жаңа теміржол вагоны сатып алынып, "Достық – Мойынты" және "Алматы айналма жолы" жобалары бойынша құрылыс пайдалануға беріледі. Жыл соңына дейін "Достық – Бескөл" және "Мойынты – Балқаш" теміржол учаскелерінде қозғалыс ашылмақ.