Биыл 15,3 млн.шаршы метр тұрғын үй немесе 143,5 мың тұрғын үй салу жоспарлануда, деп хабарлайды Inbusiness.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, тұрғын үйді уақтылы іске қосуды қамтамасыз ету мақсатында әкімдіктер нақты объектілерді және оларды іске асыру мерзімдерін көрсете отырып, жол карталарын бекітті. Мәселен, ағымдағы жылы 15,3 млн.шаршы метр тұрғын үй немесе 143,5 мың тұрғын үй салу жоспарлануда.
"Осы жылдың 7 айында 8,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл – жоспардан 14% асып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,7% өскенін көрсетеді", деп жазылған баспасөз хабарламасында.
Сонымен қатар, енгізілген пәтерлер көлемінің өсуі байқалады. Жоспар бойынша 67,6 мың пәтердің орнына 73,8 мың пәтер салынды.