Биыл елімізде қауіпті өнімдер реестрі енгізілмек

746

1 шілдеден бастап редакцияланған жаңа "Техникалық регламенттеу туралы" заң күшіне енеді. 

Биыл елімізде қауіпті өнімдер реестрі енгізілмек  Фото: inform.kz

Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық аккредиттеу орталығы бас директорының бірінші орынбасары Қайнар Тайжанов Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлады inbusiness.kz . 

"1 шілдеден бастап редакцияланған жаңа "Техникалық регламенттеу туралы" заң күшіне енеді. Заңды жүзеге асыру аясында 52 нормативтік-құқықтық акт әзірленуде. Оның 11-і мемлекеттік бақылау бойынша, 21-і техникалық реттеу бойынша, 9-ы аккредиттеу мен сертификаттау, 11-і метрология мен мемлекеттік қызмет бойынша. Бұлардың ішінде бастысы аккредиттеу қызметін жетілдіруге қатысты. Бұл бағытта қауіпті өнімдер сынамаларын алу, өнімді қайтарып алу жүйесін регламенттеу, нарықты бақылау институтын енгізу, бақылау процесстерін цифрландыру бар. Мұнда "қара" және "сұр" өнімдерді сертификаттаумен күреске басымдылық беріледі", – деді Ұлттық аккредиттеу орталығының бас директордың бірінші орынбасары.

Қайнар Тайжановтың "қара" және "сұр" өнімдер деп отырғаны елге заңсыз жолмен келген тауарлар. Стандарттау саласының әуелден-ақ көздеген мақсаты да осы. 

"Аталған мәселеге қатысты 2021 жылы қауіпті өнімдер реестрі енгізілмек. Бұл Еуропалық мемлекеттік бақылау жүйесінің баламасы. Сонымен қатар биыл жаңа стандарттар бойынша интернет-дүкен ашу жоспарланған. Бұл ретте еліміздегі барлық мемлекеттік стандарттар тегін берілетінін атап өту керек", – деді Қайнар Тайжанов.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу