Биыл елімізде қазақша түсінетін тұңғыш ChatGPT пайда болады

706

Ғылым министрлігінде Жасанды интеллект бойынша арнайы комитет құрылады.

Биыл елімізде қазақша түсінетін тұңғыш ChatGPT пайда болады Фото: freepik

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.

"Жасанды интеллект әбден сәнге айналып кетті. Жасанды интеллект 2022 жылдың аяғында белсенді шықты. Ал былтырғы даму процесін ғылыми орта "ойын жылы" деп атап кетті. Бәрі ойнады, көрді, таңғалды. Енді биыл салмақты әңгіме болатын түрі бар. Жасанды интеллект саласына бүкіл алпауыт компаниялар кірісіп кетті, триллиондаған инвестиция құйыла бастады. Осы соңғы 5 жылдың ішінде 27 мемлекет өздерінің ұлттық жасанды интеллект стратегияларын қабылдады", - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ ол, бұл жарысқа Қазақстан да қосылып кеткенін айтты.

"Биыл стратегия қабылданады. Жасанды интеллект бойынша арнайы комитет құрылады, суперкомпьютер алынады. Біздің институттарымыз әзірлеген ауқымды тіл моделі шығады. Ол модельді суперкомпьютерде жаттықтырамыз да, қазақша түсінетін өзіміздің тұңғыш ChatGPT пайда болады. Қазір бүкіл араб елдерінде өздерінің тіл модельдерін жасап жатыр. Оларға жеңілдеу. Өйткені араб тілінде шыққан ғылыми еңбек, жазба әдеби мәдениет көп. Өкінішке қарай, өзімізді қанша мақтасақ та, бізде ондай мыңдаған жылдық кітапханалар жоқ. Мәдениетіміз де, өркениетіміз де ауызша. Сондықтан Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп бүкіл БАҚ-тың, киноқордың мұрағаты негізінде осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Соны жеңілдету үшін Оксфорд университеті көмектесті", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу