Биыл елімізде мұнай өндіру көлемі қысқарады

913

Биыл қара алтын өндірісі былтырмен салыстырғанда 1,4 миллион тонна яғни 1 жарым пайызға аз болады.

Биыл елімізде мұнай өндіру көлемі қысқарады

2019 жылы Қазақстанның мұнай өндіру көлемі қысқарады. Бұл туралы үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Оның айтуынша, биыл қара алтын өндірісі былтырмен салыстырғанда 1,4 миллион тонна яғни 1 жарым пайызға аз болады. Дегенмен ауыл шаруашылығының, құрылыстың, сауданың, көлік және қоймалаудың өсу болжамы сақталады. Бұл ретте өңдеу өнеркәсібі тау-кен өнеркәсібіне қарағанда көбірек өседі. Болжам бойынша биыл ішкі жалпы өнімнің өсімі 3,8 пайыз деңгейінде болады. Ал жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 9 мың 409 АҚШ долларын құрайды. 

Әлемдік нарықта мұнай бағасы көтерілді. Лондон мен Нью-Йорктің биржаларында дүйсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мамыр айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,77 долларға қымбаттап, 66 доллар 58 центке саудаланды. Нью-Йорк тауар биржасында сәуір айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бір баррелі 56 доллар 79 центке бағаланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу