Биыл елімізде полипропилен шығаратын Орталық Азиядағы ең ірі зауыт іске қосылмақ

Бұл туралы Дүниежүзілік мұнай кеңесінің VII жастар форумында айтылды.

Биыл елімізде полипропилен шығаратын Орталық Азиядағы ең ірі зауыт іске қосылмақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиын қатысушыларына арнайы Үндеу жолдады. Президент мұнай-газ секторы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында шешуші рөл атқаратынын атап өтті, деп жазды inbusiness.kz.

"Мұнай-газ секторы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында шешуші рөл атқарады. Тәуелсіздік жылдарында бұл салаға 200 миллиард доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Бүгінде елімізде газ және мұнай-химия өнеркәсібін дамытуға ерекше мән берілуде. Сонымен осы жылдың қазан айында қуаттылығы жылына 500 мың тонна полипропилен шығаратын Орталық Азиядағы ең ірі зауытты іске қосу жоспарлануда. Қазақстан ТМД-дағы Париж келісімін ратификациялаған бірінші мемлекет. Біздің еліміз алдына 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мақсатын қойып отыр. Оны жүзеге асыру үшін арнайы ұзақ мерзімді стратегия қабылданады", – деп жазылған Мемлекет басшысының Үндеуінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу