Биыл елімізде суперкомпьютерлер іске қосылады

228

Суперкомпьютерді іске қосу Қазақстанның Орталық Азиядағы жасанды интелекті дамыту саласындағы көшбасшылығын айқындайды, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Биыл елімізде суперкомпьютерлер іске қосылады Фото: canva.com

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 - жылдың соңына дейін "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ және Group 42 компаниясымен бірлесіп, неғұрлым заманауи технологияларды пайдалана отырып, суперкомпьютерді іске қосатын болады.

Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің инновацияларды дамыту департаментінің директоры Дархан Мырзабаев мәлімдеді.

"ЦДИАӨМ есептеу қуатын жалға алу және сатып алу түрінде технологиялық инфрақұрылым (суперкомпьютер) құрып, оны мамандандырылған деректер орталықтарында орналастыруды көздейді. Жасанды интеллект үшін қажетті есептеу ресурстарының көлемі мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындарының, ғылыми қоғамдастықтың және жеке сектордың қажеттіліктеріне сәйкес айқындалатын болады", - деді спикер.

Оның айтуынша, суперкомпьютер жасанды интеллект модельдерін әзірлеуге қызмет етеді және ғылыми, академиялық ортада, сондай-ақ жасанды интеллект өнімдерін жасағанда коммерциялық мақсатта қол жетімді болады, бұл жасанды интеллектің есептеу ресурстарына деген сұранысты қанағаттандырады.

"Технологиялық инфрақұрылымды (суперкомпьютер) іске қосу Қазақстанның Орталық Азиядағы жасанды интелекті дамыту саласындағы көшбасшылығын айқындайды және отандық компаниялар мен көршілес елдер үшін есептеу қуатын жалға алуға мүмкіндік береді", - деді Дархан Мырзабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу