Биыл елімізде жаңартылатын энергия көздерінің 5 нысаны іске қосылды

1466

ҚР электр станциялары 2019 жылғы қаңтарда 9 944,4 млн  кВтсағат электр энергиясын өндірген.

Биыл елімізде жаңартылатын энергия көздерінің 5 нысаны іске қосылды

Биыл қаңтарда Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК-інің) 5 нысаны іске қосылды. Бұл туралы Қазақстанның электр энергиясы мен көмірінің 2019 жылғы қаңтардағы нарығы бойынша "Самұрық-Энерго" АҚ әзірлеген талдамалық есепте айтылады.

Алматы облысындағы Кербұлақ 1 – 4,5 МВт ЖЭС және Кербұлақ 2 – 4,5 МВт ЖЭС (жел электр станциялары); Қарағанды облысындағы  "Гүлшат" КПМ Дельта – 40 МВт КЭС (күн электр станциясы); Маңғыстау облысындағы  Жел энерготехнологиясы – 52,8 МВт ЖЭС (жел электр станциясы); Қарағанды облысындағы "Құрма" агрофирмасының 1,3 МВт Биогаз қондырғысы орнатылған.

Республикадағы жұмыс істеп тұрған ЖЭК нысандарының саны 72-ге жетіп, жиынтық қуаттылығы 634 МВт-ты құрады (СЭС – 200,25 МВт; ЖЭС – 183,25 МВт; КЭС – 249 МВт; биогаз қондырғысы – 1,65 МВт).

"Самұрық-Энерго" АҚ-ның ЖЭК нысандары (шағын СЭС-тер, ЖЭС, КЭС) 2019 жылғы қаңтарда 26 млн кВтсағат электр энергиясын өндірді, бұл ЖЭК нысандары өндірген электр энергиясының жалпы көлемінің 27,5% -тін құрайды.

Тұтас алғанда, Жүйелік оператордың деректері бойынша, ҚР электр станциялары 2019 жылғы қаңтарда  9 944,4 млн  кВтсағат электр энергиясын өндірген. 2019 жылғы қаңтарда өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда электр энергиясын өндіру Түркістан облысында айтарлықтай өскен (өсім 20% және одан астам). Дегенмен, электр энергиясын өндіру Алматы, Жамбыл, Қостанай және Павлодар облыстарында төмендеген (5%-тен астам).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу