Биыл қаңтар-маусымда республика халқының табиғи өсімі былтырғымен салыстырғанда (139,7 мың адам) 7,7% кеміген, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық бюроның статистикасына сүйеніп.
Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1 000 адамға шаққанда 13,51 адамды құраған.
Биыл бірінші жартыжылдықта елімізде 198,1 мың нәресте туған. Бұл 2021 жылғы қаңтар-маусымға (216,2 мың адам) қарағанда 8,4% аз. Туудың жалпы коэффициенті 1 000 адамға 20,76 туылғандарды құрады.
Қарастырылып отырған кезеңде 69,2 мың адам қайтыс болды, бұл 2021 жылғы қаңтар-маусымға (76,6 мың адам) қарағанда 9,6% аз. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1 000 адамға 7,25 қайтыс болғандарды құрады.
2022 жылғы қаңтар-маусымда республикада 1 жасқа дейінгілер арасында 1 649 бала шетінеген. 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (1 688 шетінеген нәресте) 2,3%-ға кеміді. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1 000 туғандарға шаққанда 8,32 оқиғаны құрады.