Биыл еліміздегі егіс алқаптары айтарлықтай ұлғаяды

Бірақ, бидай алқабы екі жылда 730 мың гектарға қысқарған. 

Биыл еліміздегі егіс алқаптары айтарлықтай ұлғаяды Фото: gov.kz

Бұл – бидайға деген тәуелділікті төмендету мақсатында жасалған маңызды қадам, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

2025 жылғы көктемгі дала жұмыстары аясында 23,8 млн гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 518 мың гектарға артық болып отыр. 

Мұны Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров хабарлады. 
Сонымен қатар, егіс алқаптарын әртараптандыру жөніндегі "Жол картасын" іске асыру жалғасады. Бағдарлама майлы дақылдардың көлемін 365 мың гектарға ұлғайтуды қоса алғанда, жоғары тиімділікті дақылдарға баса назар аудара отырып, шамамен 1 млн гектарды қамтиды. 

Десе де, бидайға тәуелділікті төмендету маңызды қадам болып қала бермек. Мысалы, екі жыл ішінде оның алаңы 730 мың гектарға қысқарған. Зығыр мен рапс бағасы тоннасына 200 мың теңгеге жеткенде, нарықта сұранысы жоғары майлы және бұршақ дақылдарына баса мән берілді. 

– Бұл АӨК табыстылығын арттырып ғана қоймай, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз ете отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарының құрылымын жақсартуға мүмкіндік береді, – деді АШМ басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу