Биыл еліміздегі қылмыс көрсеткіші 17%-ға төмендеді

448

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Ішкі істер министрлігінің жұмысымен танысты. 

Биыл еліміздегі қылмыс көрсеткіші 17%-ға төмендеді Фото: primeminister.kz
  •  қылмыстың алдын алу мен оларды ашуда заманауи технологияларды қолдану;
  •  жалпы полиция жұмысын цифрландыру барысымен;
  • жаңа оқу жылы қарсаңында мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларымен танысты.

Ішкі істер министрлігі республикадағы қалалардың көшелері мен қоғамдық орындарында "толық қамту" принципімен бейнебақылаулар енгізуде.

Жыл басынан бері полицияның жедел басқару орталықтарындағы (ЖБО) бейнекамералар арқылы 6 мың қылмыс ашылды, 2,7 млн жол ережесін бұзу, сондай-ақ 312 мың басқа да әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, деді Ведомство басшысы Марат Ахметжанов. 

Нәтижесінде, биыл еліміздегі қылмыс көрсеткіші 17%-ға төмендеген.

"Цифрландыру арқылы тиісті мемлекеттік қызметтер жұмысының тиімділігін арттыруға болатынына талай рет көзіміз жетті. Нәтижесінде, еңбек өнімділігі артып, жемқорлық фактілері азаюда. Цифрлық технологияларды енгізу арқылы Ішкі істер министрлігі де жақсы нәтижелерге қол жеткізіп отыр. Енді мұны аймақтарда одан әрі кезең-кезеңімен жүзеге асыру қажет", — деді Әлихан Смайылов.

Бұдан бөлек, Үкімет басшысы мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарымен танысты.

Атап айтқанда, оқу орындарында орнатылған бейнекамералардағы жазбалар мен дабыл түймешелерінің сигналдарын жедел басқару орталықтарына және  полицияның кезекші бөлімшелеріне шығару барысы көрсетілді.

Бүгінде мұндай шаралармен 3 654 мектеп қамтылған, бейнебақылау камералары 7 600 мектепте орнатылған. Оларды қосу жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұдан бөлек, Үкімет басшысы "Цифрлық полицей" жобасы аясында сатып алынған жаңа бейнежетондардың жұмысын бағалады.

Сондай-ақ Премьер-Министрге полицияға жол ережесін бұзғандарды анықтауға көмектесетін "Қорғау" жүйесінің ерекшеліктері туралы баяндалды.

Әлихан Смайылов тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту шараларын жүзеге асыру барысымен, көші-қон саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жұмыстарының нәтижесімен және CyberPol интернет-алаяқтықпен күрес жөніндегі жобамен танысты.

Сонымен қатар кадрлық процестерді автоматтандыру қорытындысы, жедел-қызмет, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және жалпы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша өзекті мәселелер қаралды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу