Биыл еліміздегі мектептерде 3 миллионнан астам оқушы білім алады

712

1 қыркүйек күні Қазақстанда 7024 мектепте алғашқы қоңырау соғылады.

Биыл еліміздегі мектептерде 3 миллионнан астам оқушы білім алады

Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сүйенсек, жаз кезінде Қазақстанда 21 мектеп ашылған, деп хабарлайды Egemen Qazaqstan.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен оған қоса 110 мектеп салынып жатыр. Оның ішінде 72-сі биыл пайдалануға беріледі. Жергілікті бюджет есебінен 94 мектеп, 29 мектепке қосалқы құрылыс салынуда. Оның 17 мектебі мен 15 қосалқы құрылысы пайдалануға берілген. Сонымен қатар, 166 мектепте жөндеу жұмыстары жүргізілген. Мектептерде өртке қарсы қауіпсіздік тұрғысынан жалпы 4 млрд теңгеден астам сомаға оттан қорғау, өрт сөндіргішті толтыру, автоматтандырылған өрт сөндіру жүйесін жөндеу жұмыстары жүргізілген.

3, 6, 8 сынып оқушыларына оқулықтар сатып алу үшін биыл 28,6 млн теңге бөлінген. БҒМ ақпаратына сенер болсақ, 20 тамыздағы жағдай бойынша баспалардан оқулықтарды жеткізу үлесі 82,7 пайызды құрап отыр. Сонымен қатар, тегін ыстық тамақпен 275 876 адамды қамтамасыз ету жоспарланған.

Бұл жекелеген білім алушы санаттарының 95,2 пайызын құрайды. Жергілікті бюджеттердің және демеушілік көмек есебінен тегін ыстық тамақтандырумен 495 086 мектеп оқушысы немесе оқушылардың 17,6 пайызы қамтамасыз етіледі. Қалған оқушылардың мектепте тамақтандырылуын жергілікті атқарушы органдар ата-аналар есебінен ұйымдастырады. Республиканың үш аймағында әкімдердің бастамасымен тегін ыстық тамақтандыру бастауыш сыныптардың барлық оқушылары үшін ұйымдастырылған. Мектептері жоқ ауылды елді мекендерде тұратын 24084 баланы оқу орнына тасымалдау (98 пайызға) шарасы ұйымдастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу