Биыл елімізден 3,2 мың адам қажылыққа бармақ

651

Саудия коронавирустық инфекция, менингококк инфекциясы бойынша қолайсыз ел.

Биыл елімізден 3,2 мың адам қажылыққа бармақ

Биыл қажылыққа бару тамыздың басына жоспарланған, ол 20 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау комитеті.

Айта кетсек, Саудия коронавирустық инфекция, менингококк инфекциясы бойынша қолайсыз ел.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін әлемде таяу шығыс респираторлық синдромының коронавирусымен сырқаттанудың 2103 зертханалық расталған жағдайы тіркелген, оның ішінде 730-ы өліммен аяқталған, оның 80%-дан астамы – Сауд Арабиясында.

Ал 2018 жылы менингококк инфекциясымен сырқаттанудың өсуі байқалған, ол Рамазан айымен тұспа-тұс келді. Сол кезеңде менингокк инфекциясының 96 расталған жағдайы тіркеліп, оның 15 жағдайы өліммен аяқталды.

Биыл барлығы 3200 адамның қажылыққа баруы жоспарланып отыр.

Саудия денсаулық сақтау министрлігінің қажылыққа дайындалу мәселесіне қоятын маңызды талабы – ол дәрігердің қорытындысы бар медициналық тексеру мен міндетті түрде менингококк инфекциясына қарсы вакцинациялау.

Ал менингококк инфекциясына қарсы вакцинация еліміздің 8 өңірінде (Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында) жүргізіледі, қазіргі уақытта қажылыққа баратын адамдарға егілетін вакцина өңірлерге жеткізіліп жатыр, оны биылғы жылғы 15 мамырдан бастап алуға болады (вакцинаның 1985 дозасы), сондай-ақ маусымның бірінші жартысында менингококк инфекциясына қарсы тағы да вакцинаның 6000 дозасы қосымша жеткізілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу