Биыл елімізден шетелге 265,4 миллиард теңге аударылған

650

Қаржының басым бөлігі  - 108,6 млрд теңге Ресейге жөнелтілген. Ал,44,6 млрд теңге Өзбекстанға 29,5 млрд теңге Түркияға аударылған.

Биыл елімізден шетелге 265,4 миллиард теңге аударылған

6 айда қазақстандықтар шетелге 265,4 млрд теңге аударған. Бұл өткен жылға қарағанда 30,5%-ға көп, деп хабарлайды Atameken TV.

Қаржының басым бөлігі  - 108,6 млрд теңге Ресейге жөнелтілген. Жылдық өсім 27,4%-ды құрайды. Ал,44,6 млрд теңге Өзбекстанға жіберілген екен. Бұл шетел асқан жалпы қаржының шамамен 17%-ы. Түркияға 29,5 млрд теңге аударылған.

Ақша аударымдарының басым бөлігі "Золотая корона" арқылы жүргізілген. Сондай-ақ, тұрғындар 40 млрд теңгеге жуық қаржыны Western Union жүйесімен жөнелткен. Ал, "Юнистрим" арқылы 22,4 млрд теңге аударылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу