Биыл еліміздің екінші деңгейлі банктеріне 40 әкімшілік айыппұл салынды

1296

Олардың жартысынан көбі 2 банкке тиесілі, ал айыппұлдың жалпы сомасы 77 млн теңге. 

Биыл еліміздің екінші деңгейлі банктеріне 40 әкімшілік айыппұл салынды

Биылғы жылдың қаңтар-шілде айларында екінші деңгейлі банктерге жалпы сомасы 77,4 млн теңгені құрайтын 40 әкімшілік айыппұл салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі finprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Өткен жылдың осы кезеңінде айыппұл саны 88, жалпы сомасы 87,5 млн теңге болатын. Яғни, айыппұл санының да, мөлшерінің де айтарлықтай төмендеуі байқалады.

 Талдау нәтижелері көрсеткендей, биылғы жылы Қазақстанның екінші деңгейлі банктері түрлі құқтвқ нормативтерді жүйелі түрде бұзып келген.
 Сонымен қатар, басқа да бұзушылықтар анықталды, соның ішінде:
 • банктің қадағалау шарасын қолдану арқылы уәкілетті орган жүктеген міндеттемелерді орындамауы;
 • тиісті тексеру шараларын ұйымдастырмау;
 • "Төлемдер мен төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерді бұза отырып, төлем және (немесе) ақша аудару жөніндегі нұсқаулықтардың уақытында орындалмауы;
 • ақша аудару бойынша нұсқаулықтарды орындау мерзімдерін бұзу;
 • және басқа да. 

Осылайша 12 банкке әкімшілік айыппұл салынды. Айыппұлдардың ең көп саны ForteBank-ке (11) салынды. Одан кейін 10 айыппұлмен - Capital Bank, ол ағымдағы жылдың маусымында банктік операцияларды жүргізуге лицензиясынан айырылды.

Айыппұлдардың жалпы сомасы бойынша антирейтингтің басында айыппұл саны бойынша көшбасшы банк тұр: 33,7 млн теңге.  Одан кейін Al Hilal Ислам банкі (26 млн теңге) мен Capital bank (9,2 млн теңге) тұр.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу