Биыл еліміздің экономикасына жаңадан 40 шетелдік инвестор қаржы салған

1308

Дәл қазіргі таңда елімізде шетелдік капиталмен 17 мың компания жұмыс істеп тұр. 

Биыл еліміздің экономикасына жаңадан 40 шетелдік инвестор қаржы салған

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасына жаңадан 40 шетелдік инвестор қаржы салған, деп деп хабарлайды 24.kz.

Бұл инвестиция кәріз-тазалау құрылғыларын жаңғыртуға, "блокчейн компетенциясы" орталығының құрылысына және 1000 орындық көпбейінді клиника мен жылыжай салуға жұмсалады.

Дәл қазіргі таңда елімізде шетелдік капиталмен 17 мың компания жұмыс істеп тұр. Өткен 11 айда Қазақстан Еуропалық кеңеске мүше мемлекеттерден, АҚШ, Сингапур, Австралия, Франция ,Түркия мен Ресейден инвесторлар тартқан. Жалпы өткен жылдарға көз жүгіртсек, тікелей инвестиция көлемі 2011, 2012 және 2018 жылдары көп болған.

Шетелдік инвесторлар Қазақстанның машина құрылысы, көлік және логистика, агроөнеркәсіп пен химия өндірісіне қаржы салған. Тәуелсіздік жылдары экономикамызға 120 ел 330 млрд доллар қаржы салған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу