Биыл елімізге 200 мыңға жуық турист келген

497

Өңірлер арасында туристерге Алматы, Нұр-Сұлтан, Қызылорда облысы, Маңғыстау облысы тартымды болған.

Биыл елімізге 200 мыңға жуық турист келген

Биыл ел аумағына 195 149 шетелдік турист келген. Мәдениет министрлігінің хабарлауынша, ақпарат еQonaq жүйесінен алынған, деп жазады inbusiness.kz..

Айта кетсек, жүйе 2020 жылғы қарашада іске қосылған, қазіргі уақытта республикалық маңызы бар 3 қаланы және 14 облыс орталығын қамтиды.

еQonaq жүйесі туристік ағымға талдау жүргізуге және көші-қон қызметін тиімді бақылауға мүмкіндік береді. Мұнда 7300-ден астам орналастыру орны тіркелген.

Шетелдік туристер басым өңірлер қатарында:

- Алматы (73 012 адам);

- Нұр-Сұлтан (44 859 адам);

- Қызылорда облысы (9 735 адам);

- Маңғыстау облысы (9 384 адам) бар.

Олардың 67%-ын Ресей Федерациясынан, 16%-ын Өзбекстаннан, 6%ын Түркиядан, 4%-ын ҚХР-дан және 7%-ын басқа мемлекеттерден келген туристер құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу