Биыл елімізге келгендерден кеткендер саны көп

658

Көші-қонның айырымы – 7 175 адам.

Биыл елімізге келгендерден кеткендер саны көп

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2022 жылғы қаңтар-шілдеде елімізге тұрғылықты тұруға 8 372 адам келген, ал елімізден 15 547 адам кеткен. Көші-қонның айырымы 7 175 адамды құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz статистика бюросына сілтеме жасап.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі тиісінше 84,1% және 84,6%.

Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 1,8%-ға кеміді. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 3 өңіріне тиесілі: Алматы (+20 860 адам), Нұр-Сұлтан (+19 007 адам) және Шымкент (+2 140 адам).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу