Биыл елімізге сырттан 83,4 миллиард теңге аударылған

952

Ең көп қаржы Ресейден жіберілген. Көлемі – 36 млрд теңге. 

Биыл елімізге сырттан 83,4 миллиард теңге аударылған

Жыл басынан елімізге шет мемлекеттерден 83,4 млрд теңге ақша аударылған, деп хабарлайды Atameken Business.

Үш айдың қорытындысы бойынша, ең көп қаржы Ресейден жіберілген. Көлемі – 36 млрд теңге. Транзакциялар саны өткен жылға қарағанда 23,8 пайызға артып, 193 мыңға жетті.

Екінші орында 15 млрд теңгемен Корея Республикасы тұр. Бұл елден жасалған транзакциялар саны – 39,3 мың.

Қазақстанға қомақты қаражат аударылған елдердің ішінде Өзбекстан, Қырғызстан, АҚШ, Германия, Түркия, Тәжікстан және БАӘ бар.

Ал бір шоттан екіншісіне тікелей қаржы аудару көлемі 10 пайызға артып, 1,5 млн-ға жеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу