Биыл елімізге ядролық отын банкі үшін уран жеткізіледі

2022

Қазіргі уақытта шикізатты тасымалдау үшін екі келісімшарт дайындалуда.

Биыл елімізге ядролық отын банкі үшін уран жеткізіледі

Биыл елімізге ядролық отын банкі үшін уран жеткізіледі. Қазіргі уақытта шикізатты тасымалдау үшін екі келісімшарт дайындалуда деді Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Юкия Амано.

Былтыр қыркүйек айында Ресей мен МАГАТЭ өкілдері төмен байытылған уранды Қазақстанға жеткізуге уағдаласқан болатын. Осылайша халықаралық агенттік МАГАТЭ НОУ банкіне аз байытылған уранды жеткізуді бастауға ниетті.

Еске салсақ, төмен байытылған уран банкі елімізде 2017 жылы ШҚО-дағы Үлбі металлургиялық зауытының базасында ашылған болатын. Оны құрудың негізгі мақсаты  – МАГАТЭ-ге мүше мемлекеттерге ядролық отынды кепілді жеткізуді қамтамасыз ету.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу