Нұр-Сұлтан қаласында 1-сыныпқа 26 мыңға жуық оқушы барады.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
"Оқулықтарға қатысты айтатын болсақ, мектеп қорында 1-11 сыныптарға арналған 2,5 млн-нан астам оқулықтар бар. Ағымдағы жылы мектептерлегі кітапхана қоры 2-сыныптарға арналған жаңа форматта шығарылған оқулықтармен жаңартылып толықтырылады. Ол кітаптар мектептерге 12 тамыздан бастап жеткізіле бастайды. 15 тамыздан бастап 2-сыныптарға және басқа сыныптардың барлығына кітаптар үлестіріледі. 25 тамызға дейін елордадағы барлық оқушы кітаптармен қамтамасыз етіледі. Бала санының артуына байланысты 1 млн-нан астам қосымша оқулықтар сатып алынады", – деді басқарма басшысы.
Қасымхан Сенғазыев қыркүйек айында жалпы саны 6 мың орынды құрайтын 2 мектеп ашылатынын да атап өтті. Қалада үш ауысыммен оқытатын 4 мектеп, ал 15 мектептегі оқушы саны шамадан тыс көрінеді.
Жыл соңына дейін 23 мың орынға арналған 11 мектеп пайдалануға берілмек.