Биыл елордада 42 мың тоннадан астам қоқыс кәдеге жаратылды

852

Нұр-Сұлтанда стихиялық қоқыстармен күрес өз нәтижесін беруде. Рұқсат етілмеген полигондардың үштен бірі азайды, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Биыл елордада 42 мың тоннадан астам қоқыс кәдеге жаратылды

Елордалық қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының мәліметінше, жуырда Ақмола облысының Айналма жолы аумағында, сондай-ақ Байқоңыр ауданында ведомство инспекторлары апатты қоқыс үйінділері бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді. Рейд барысында полигондар жойылды.

Өткен жылмен салыстырғанда рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын орындар саны әкімдік тарапынан күшейтілген бақылаудың нәтижесінде 533-тен 385-ке дейін, яғни үштен бірі азайған.

Естеріңізге сала кетейік, рұқсат етілмеген қоқыс орындары жыл сайын "Қазақстан Ғарыш Сапары" АҚ Геопорталының ғарыштық мониторингі арқылы табылып, жойылады.

Биыл 42 мың тоннадан астам қоқыс кәдеге жаратылып, 100-ден астам рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі жойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу