Биыл елордада әлеуметтік тұрғын үйлер мен нысандар салудан рекорд орнайды

837

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында биыл салынатын әлеуметтік тұрғын үйлер мен нысандар жайлы мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап inbusiness.kz.

Биыл елордада әлеуметтік тұрғын үйлер мен нысандар салудан рекорд орнайды

"Былтыр құрылыс қарқынын сақтап қана қоймай, айтарлықтай ұлғайттық. Биыл әлеуметтік тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салудан рекорд орнатпақпыз. Құрылыс жұмыстары елорданың барлық аудандарында полиорталық қағидасы бойынша жүргізіліп жатыр. Тұрғындарға қажет нысандардың барлығы жақын қашықтықта орналаспақ.

Бүгін қаланы аралау кезінде Алматы ауданында орналасқан жеңілдікпен берілетін тұрғын үйдің, сонымен бірге - мектеп құрылысы барысымен таныстым.

Қаланы жиі аралап тұрамын. Сонда ғана құрылыс салушылар құрылыс қарқынын бәсеңдетпей, сапалы жұмыс істейді, ал біз жағдайды тек қағаз бетінде емес, құрылыс нысандарында болып жатқан нақты бейнені көреміз. Жұмысқа немқұрайлы қарайтын құрылыс компанияларының қызметінен бас тартамыз. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін аумақтарды абаттандыру мен көгалдандыруға назар аудару қажет.

Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әлеуметтік қолжетімді тұрғын үй саны жоспарлы түрде ұлғайып келеді. Егер 2018 жылы елордада жеңілдікпен берілетін 1100 пәтер салынса, 2019 жылы - 2900, ал 2020 жылы - 7 мыңнан астам әлеуметтік пәтер салынды. Биыл осы көрсеткішті 10 мың пәтерге дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз.

Биыл барлығы 16 мектеп саламыз. Бұл - 40 мыңнан астам оқушыны қамтуға мүмкіндік береді. Өткен жылмен салыстырғанда қамтылатын оқушы саны 2 еседен астам көбейеді", - деп жазды қала әкімі.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу