Биыл елордада құрылысы ұзаққа созылған 30-дан астам тұрғын үй аяқталады

349

Осылайша 4 мыңға жуық үлескер отбасы көптен күткен пәтерлеріне кіре алады.

Биыл елордада құрылысы ұзаққа созылған 30-дан астам тұрғын үй аяқталады Фото: gov.kz

Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ұзақ құрылыстарды аяқтау бойынша ауқымды жүйелі жұмыс жүргізілуде. Осыған дейін 150-ден астам көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің ішінде 120-сының құрылысы аяқталған болатын. Биыл 30-дан астам ұзақ құрылысты аяқтаймыз", деді ол.

Қала әкімі сондай-ақ, құрылыс компаниялары заңнамада көзделген қатаң критерийлерге сәйкес белгілі бір жағдайларда ғана үлескерлердің қаражатын қабылдай алатынын атап өтті. Нақтырақ айтқанда, тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының кепілдігін алу, екінші деңгейдегі банктің жобасына қатысу, тұрғын үйдің қаңқасын тұрғызғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту.

"Бұл ұзақ құрылыстар күрделі. Әрқайсысының жағдайы әртүрлі. Мысалы "Тұран Сығанақ" ТК 6 жыл бұрын проблемалы деп танылды, бұл үйдің блоктарының бір бөлігі бірнеше қабатқа ғана көтерілген болса, кейбір блоктарында жұмыс тіптен басталмаған да еді. "Арыстан блок 1" ТК құрылысы 11 жыл бұрын басталған, ал "Хазар" ТК құрылысы үш қабат деңгейінде тоқтатылған. Мұндай мысалдар жеткілікті. Бірақ әрбір ұзақ құрылыс бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары бар", – деді Астана әкімі Жеңіс Қасымбек.

Сонымен қатар қала тұрғындарын ақпараттандыру және заңның бұзылуына жол бермеу мақсатында әкімдіктің ресми ресурстарында және БАҚ-та үлескерлердің қаражатын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс салушылардың "қара тізімі" жүйелі түрде жарияланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу