Биыл елордада құрылысы ұзаққа созылған 30-дан астам тұрғын үй кешені аяқталады

363

Түрғын үйлердің басым бөлігінің құрылысы аяқталуға жақын

Биыл елордада құрылысы ұзаққа созылған 30-дан астам тұрғын үй кешені аяқталады Фото: gov.kz

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram желісіндегі парақшасында ұзақ мерзімді құрылысты аяқтау бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

"Біз қаланың ұзаққа созылған тұрғын үй кешендерін бақылауды жалғасытрамыз. "Қорғалжын кварталы", "Мирный дом", "Араби 2" – Гранитный 2, Зере-2, "Арыстан", "Болашақ үй", "Бау-бақша кварталдары", "Территория комфорта-1" тұрғын үйінің үлескерлерімен кездестім. 

Ұзақ мерзімді құрылыстағы жағдай басқаша. Мәселен бір жерде үйлердің жақтаулары болса, басқа тұрғын үйде тек іргетасы ғана қаланған. Мәселен, "Арыстан" тұрғын үй кешенінің құрылысы осыдан 11 жыл бұрын басталған", деп жазды әкім.

Сондай-ақ, шаһар басшысы мыңдаған үлескер өз тұрғын үйінің құрылысы аяқталуын күтіп отырғанын жеткізді.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз ұзақ мерзімді құрылысты аяқтау үшін ауқымды жүйелі жұмыстарды атқарып жатырмыз. Әр үй үшін кезең-кезеңімен атқарылатын іс-шаралар жоспары бар.

Осы жылы біз 30-дан астам ұзақ мерзімді ТҮК құрылыс жобаларын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бұл шамамен 4 мың отбасы-инвестор", деді әкім.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу