Биыл елордада құрылысы ұзаққа созылған 50-ден астам үй пайдалануға беріледі

800

Биыл елордада 50-ден астам үй пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.  Биыл 50-ден астам үйдің құрылысын аяқтап, пайдалануға беруді көздеп отырмыз.  

Биыл елордада құрылысы ұзаққа созылған 50-ден астам үй пайдалануға беріледі

"Қалада ұзақ уақыттан бері салынып келе жатқан құрылыстарды аяқтау жұмысын жүйелі түрде жалғастырамыз. Құрылысы аяқталмаған көппәтерлі тұрғын үй кешендері жылдар бойы тұрып қалды. Олардың ішінде 17 жылға созылған құрылыстар да бар. Әр нысанның жағдайы әртүрлі: бірінде тек қазандығы, ал екіншісінде апатты жағдайдағы қаңқасы ғана бар. "Сақалды" құрылыстың бәріне толық тексеру жүргіздік. 2019 жылы жазда осындай жағдайда тұрған, проблемасы шешілмеген 52 нысан болды. Олар бірнеше көппәтерлі кешеннен тұрады. 

✅20-дан астам тұрғын үй құрылысы кооперативтерінің төрағаларымен бірге ең өзекті деген мәселелерді талқыладық. Оның барысында нақты уақытын белгілеп, алдағы жұмыс жоспарын жасадық. Кездесуге "Жеті жол", "Магистральный", "Зере-2", "Арыстан", "Шығыс" (1А, 1В, 2А, 2В), "Баспана Көктал", "Үміт-Береке", "Столичный-2", "Ала Самал" және т.б. ТҚК өкілдері қатысты.

Мысалы, ТҚК, яғни тұрғын үй құрылыс кооперативтері қызметіне араласпау қағидатын сақтау, ресми мойындалған ТҚК-мен ғана ынтымақтастық жүргізу, типтік келісімшарттарды міндетті тіркеуден босату, сонымен қатар тұрғын үй қатынастары туралы заңның кейбір тармақтарына өзгерістер енгізу секілді өзге де мәселелер көтерілді. Кездесуге сонымен қатар қалалық полиция басшысы Е. Саденов, прокуратура өкілдері, БКҚ, басқармалар мен басқа да мемлекеттік органдар басшылары қатысты. Көтерілген мәселелер назарға алынып, сол бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

Қазірдің өзінде қаладағы "сақалды" құрылыстардың айтарлықтай азайғанын байқауға болады. Мәселен, 2019 жылы жазда құрылысы ұзаққа созылған 52 нысан болса, сол жылдың соңында 10 "сақалды" құрылыс нысанын пайдалануға бердік. 2020 жылы одан екі есе көп нысан берілді. Биыл 50-ден астам үйдің құрылысын аяқтап, пайдалануға беруді көздеп отырмыз. Бұл 7 мыңнан астам үлескердің мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Әрбір "сақалды" құрылыс бойынша кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын шаралар жоспары жасалған", — деп жазды елорда әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу