"Тек жоғары технологиялық медициналық көмек қолданысы арқылы МӘМС бойынша 10,2 млрд теңге сомасына қосымша 3 888 қызмет көрсетілді", – деді ол.
Соның ішінде кардиология бойынша 1 218 пациент емделді. Бұдан бөлек спикер кардиохирургиялық ота 649 емделушіге жасалғанын атап өтті.
"Қан айналымы жүйесі аурулары бойынша – 1 060, нейрохирургиялық – 223, ортопедиялық – 92, несеп-жыныс жүйесі аурулары – 977, ас қорыту сырқаттары бойынша 217 ота жасалды", – деді Нұрлыбек Қабдықапаров.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу