Биыл елордаға 900 млрд теңге инвестиция тартылған

484

Астана әкімі Алтай Көлгінов Моңғолияның вице-премьер-министрімен кездесті.

Биыл елордаға 900 млрд теңге инвестиция тартылған

Тараптар бірқатар облыстағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Моңғолияның вице-премьер-министрі Сайнбуянгийн Амарсайхан, еліміздегі Моңғолияның Төтенше және Өкілетті елшісі Доржийн Баярхуу және т.б. кездесу өткіздік. Білім, мәдениет, сауда, экономика, туризм салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ инвестициялық климатты жақсарту шараларын талқыладық", – деп жазды Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында.

Әкімнің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қала мен еліміздің экономикасына шетелдік инвестицияларды тартуға жағдай жасап, инвесторларға жан-жақты сервистік қолдау көрсетіліп жатыр.

"2020 жылы елорда экономикасына 1,1 триллион теңгеден астам жеке инвестиция тартылса, 2021 жылы 1,2 триллион теңгеден астам тартылды. Ағымдағы жылдың 9 айында шамамен 900 млрд теңге тартылған-ды. Бірінші кезекте тұрғындар мен қалаға қажетті жобаларды қолдаудамыз", – деді А.Көлгінов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу