Биыл елорданың шеткі аймақтарында 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады

636

Биыл ел астанасының шеткі аймақтарына ерекше назар аударылып, дамуына айрықша көңіл бөлінеді. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов  Instagram  парақшасында елорданың шет аймақтарына ірі 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынатынын мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Биыл елорданың шеткі аймақтарында 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады

"Елорданы "Нұр-Сұлтан — жайлы қала" мастер-жоспарының тұжырымдамасы аясында дамытудамыз. Аудандарды дамытуды полиорталық концепциясына көшірдік, бұл — білім беру, медицина, демалыс орындары және т.б. нысандар тұрғындарға қолсозым жерде болуы үшін жасалды. Елді-мекен тұрғындарымен кездесу барысында олар спортпен шұғылдануға, бос уақытын өткізуге арналған орындар салуды сұраған", — деп жазды Алтай Көлгінов.

Әкімнің сөзінше биыл Өндіріс, Көктал, Үркер (Ильинка), Железнодорожный елдімекендерінде ірі дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады. Кешендерде спортпен айналысуға арналған кабинеттерден басқа (баскетбол, волейбол, үстел теннисі, тренажер залы, күрес, бокс) полиция бекеттері, пошта бөлімшелері, егде жастағы тұрғындарға арналған клубтар, ХҚО және т.б. нысандар орналасады. Дене шынықтыру-сауықтыру кешендері тегін болады.

"Мемлекет басшылығы елді-мекендерді дамытуға, соның ішінде бұқаралық спортты насихаттауға ерекше көңіл бөліп отыр. Ол үшін барлық жағдайды жасаймыз. Мысалы, өткен жылы 760 мың шаршы метрден астам аула абаттандырылды: бұл 150-ден астам аула және 60 қоғамдық кеңістік. Қаланың ескі бөлігіне, сондай-ақ бұрын бос, қараусыз қалған жерлерге баса назар аударылды. Осылайша, елорда картасында жаңа ошақтар пайда болды. Биыл оларды ұлғайту бойынша жұмысты жалғастырамыз. Сондай-ақ, көктемнен бастап қаланы көгалдандыруды ерекше назарда ұстауды жалғастыра береміз. Мегаполисте экоаймақтар барынша көп болуы тиіс", — деп жазды қала әкімі Алтай Көлгінов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу