Биыл еңбек инспекторлары мыңға жуық тексеру жүргізді

509

Оның барысында мыңнан аса заң бұзушылық анықталды. 

Биыл еңбек инспекторлары мыңға жуық тексеру жүргізді Фото: kursiv.kz

Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы – ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов мәлім етті, деп хабардайды inbusiness.kz.

"Еңбек заңнамасын сақтау мәселелері министрліктің ерекше бақылауында.

Осы жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 924 тексеру жүргізді, оның барысында 1005 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 865; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 132; халықты жұмыспен қамту бойынша – 8.

Жұмыс берушілерге 527 ұйғарым беріліп, 54,5 млн теңге сомаға 348-ден астам әкімшілік айыппұл салынды", – деді спикер.

Айтуынша азаматтардың 4662 өтініші қаралған.

Бұл ретте ол hr.enbek.kz еңбек ресурстарының порталын іске қосу шеңберінде жұмыс берушінің еңбек заңнамасы талаптарының сақталуын көздейтін "Онлайн еңбек консультанты" функционалы жұмыс істейтінін еске салды. Жүйе арқылы әр адам жеке тексеріс жүргізе алады.

"Сонымен, жұмыс беруші осы еңбек инспекторын алмастыратын және интерактивті режимде жоспарланған немесе орындалған рәсімдердің дұрыстығын тексеретін қызметке жүгіне алады. Бұзушылықтар анықталған жағдайда жұмыс берушіге оларды жою мақсатында нақты іс-әрекеттер ұсынылатын болады. Бүгінгі таңда 19 930 адам өзін-өзі тексерді", – деді Төлеген Оспанқұлов төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу