Биыл Ертіс өңірінде қарақұмық бөлінген егістік 40,8%-ға көп

1201

Биыл Ертіс өңірінде қарақұмық бөлінген егістік 40,8%-ға көп

Биыл Павлодар облысында қарақұмық алқаб ұлғайып, қара бидай, тары, бидай алқаптары азайған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Павлодар облысының Статистика департаменті ақпарат таратты.

Алдын ала деректер бойынша 2017 жылы облыстың барлық егіс алқабы 1191,9 мың гектарды құрайды, көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 3,7%-ға азайды, соның ішінде дәнді дақылдар – 675,6 мың гектар (2016 жылдың көрсеткішіне қарағанда 1,8%-ға көп). Дәнді дақылдардың ішінен қарақұмық алқабы 40,8%-ға ұлғайды. Бидайдың егіс көлемі азайды – 2,8%-ға, қара бидай – 50%-ға, тары – 25,7% азайды. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының егіс алқабы 2016 жылмен салыстырғанда 4%-ға ұлғайды және 497,5 мың гектарды немесе облыстық көрсеткіштен 41,7% құрады. Шаруа немесе фермер қожалықтарында егіс алқабы 8,6%-ға азайді және 687,4 мың гектарды немесе облыстық көрсеткіштен 57,6% құрады. Жұртшылық шаруашылығында егіс көлемі 7,1 мың гектарды құрады немесе 2016 жылдың көрсеткішіне қарағанда 1,4%-ға ұлғайды. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында бидайдың егіс алқабы 6,4%-ға, сұлы – 40,7%-ға, қарақұмық – 25%-ға, арпа – 9,3%-ға ұлғайды, қара бидай – 59,1%-ға азайды. Шаруа немесе фермер қожалықтарында қарақұмық алқабы 51,6%-ға көбейді, қара бидайдың егіс көлемі 30%-ға, бидай – 9,5%-ға, тары – 26,4%-ға азайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу