Биыл есірткі бизнесіне кәмелетке толмаған 29 бала тартылған

447

Оның ішінде 13 колледж студенті, ЖОО үш студенті және 6 оқушы бар. 

Биыл есірткі бизнесіне кәмелетке толмаған 29 бала тартылған Фото: Manas News

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің кезекті брифингінде айтылды, деп жазады inbusiness.kz.

Соңғы бір апта ішінде 2526 қылмыс жасалды, оның 1556-сы бір тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері ізін суытпай 7 кісі өлтіруді, өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана зиян келтіру бойынша 2 істі, 25 тонау және 337 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты.

Сонымен қатар, брифингте Ішкі істер министрлігі өңірлерде нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспардың іске асыру барысын тексеруді бастайтыны хабарланды.

ІІМ бастамасымен Ақтөбеде нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспарды орындауға тартылған әкімдік басқарламалардың басшылығы тыңдалды.

Жиын барысында, есірткі бизнесіне жасөспірімдерді тарту мәселесі көтерілді.

"Егер 2020 жылы олар 15 есірткі қылмысын жасаса, оның 5-і сату фактісіне қатысты болған, ал 2021 жылы бұл көрсеткіш 26 фактіге өскен, оның 10-ы сату бойынша қарастырылды. 2022 жылы кәмелетке толмағандар есірткіге қатысты 25 қылмыс жасаған, олардың жартысы есірткіні сатуға қатысты. Биыл қылмыстық іс жүргізуге 29 кәмелетке толмаған бала тартылды, оның ішінде 13 колледж студенті, ЖОО үш студенті және 6 оқушы бар", — деп хабарланды брифинг барысында.

Мұндай жағдайларды болдырмау үшін оқу орындарының оқытушылары полиция қызметкерлерімен тығыз байланыста болуы керек, деп қорытындылады ІІМ баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу