Биыл есірткі сатқан 440 сайт анықталды

1602

Полиция барлығы 422 келі есірткі тәркілеген, әрі 7 зертхананың көзін жойған.

Биыл есірткі сатқан 440 сайт анықталды

Жыл басынан бері Қазақстанда есірткі сатқан 440 сайт анықталып, бұғаттауға жіберілді. Бұл туралы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Бақытжан Әмірханов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс-Қазақстан" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, интернетте есірткі сату дерегін анықтау үшін "Кибернадзор" ақпараттық жүйесі іске қосылған.

"...Жыл басынан бері Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 440 интернет-ресурс, оның ішінде 150-ден аса Telegram-канал анықталып, бұғаттауға жіберілді", – деді Бақытжан Әмірханов.

Сондай-ақ ол биыл елдегі танымал порталдардың бірінде 50-ден аса хабарландыру алынып тасталғанын атап өтті. Ондағы жұмыс курьер деп жазылғанымен жұмыс іздеген адамға есірткі тасымалдау ұсынылған.

2022 жылғы қаңтар-ақпанда Ішкі істер органдары 378 есірткі қылмысын анықтаған. Оның ішінде 248 дерек есірткі сату, 85 дерек аса ірі көлемде есірткі сақтаумен байланысты.

"Жыл басынан бері 7 есірткі зертханасы жойылды. Барлығы 422 келі есірткі тәркіленді. Оның ішінде 196 келі гашиши, 213 келі марихуана, шамамен 40 келі синтетикалық есірткі", – деді басқарма басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу